Бүгiн 2026, 08:30 Фото: unsplash.com

Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды

Ол 2026 жылдың 21 қазанына дейін күшінде болады.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 2026 жылдың 21 қазанына дейін күшінде болады.

Тауық жұмыртқасының Қазақстан арқылы транзитін, сондай-ақ оларды ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен ЕАЭО мүше екінші мемлекетке Қазақстан арқылы тасымалдауды қоспағанда үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын Қазақстанға әкелуге алты айға тыйым салынсын, – делінген құжатта.

2025 жылдың желтоқсанында Қазақстан сәуір айында енгізілген тауық жұмыртқасын әкелуге салынған тыйымды тағы бір айға ұзартты.

Құжатта отандық өндірушілерді қолдау осы шаралардың себебі ретінде көрсетілген.