Қазақстан Таиландпен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Таиланд Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрі Наруомон Пиньесинватпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, стратегиялық әріптестік пен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, өзара сауда көлемін ұлғайту және жеткізілетін өнім номенклатурасын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі мал шаруашылығы өнімдері бойынша экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады. KazBeef Processing және Merke et combinaty сияқты өндірушілерді қоса алғанда, Таиландқа ет және ет өнімдерін экспорттауға сертификаттау және рұқсат алу үшін кәсіпорындардың тізімі Тай тарапына қалыптастырылып, жіберілді.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің экспортын арттыруда, балық шаруашылығы саласында өзара іс-қимыл ерекше қызығушылық тудырады.

Қазақстан бидай мен ұнды ірі өндірушілердің ондығына кіреді, жылына 7 млн тоннаға дейін бидай экспорттайды және Тай нарығы жеткізілімдерді ұлғайту үшін ерекше қызығушылық тудырады.

Сондай-ақ Наруомон Пиньёсинваттың назары бірлескен ғылыми зерттеулер мен тәжірибе алмасуды қоса алғанда, аграрлық ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына аударылды. Екі елдің ғалымдарына күріш өсіру және құс шаруашылығы бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін байланыс орнату ұсынылды.

Диалог аясында тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және ауыл шаруашылығы саласында бірлескен өндірістер құру үлкен маңызға ие екендігі атап өтілді. Ол үшін ауыл шаруашылығы бойынша бірлескен жұмыс тобын құру жоспарлануда, ол өзекті мәселелерді талқылау үшін тұрақты отырыстар өткізетін болады.

Бұл кездесу ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады. Біз сауда және инвестициялық қатынастарымызды одан әрі нығайтуға үміттенеміз, - деп түйіндеді Ермек Кенжеханұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы