Қазақстан таеквондодан Гран-при кезеңінде екінші медалін жеңіп алды

Таеквондодан Муджу қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Гран-при кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметіне сүйенсек, Дамир Шуленов 68 келіге дейінгі салмақта ел намысын абыроймен қорғады. Отандасымыз қола жүлде үшін өткен бәсекеде Испания спортшысы Адриан Листені жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы