Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында екінші алтын медаль жеңіп алды
Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан кадеттер арасындағы таеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Таеквондо федерациясына сілтеме жасап.
65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Жантөре Сағынғалиев финалда украиналық спортшы Максим Шудженконы жеңіп, чемпион атанды.
Сондай-ақ жарыстың үшінші күні Қазақстан құрамасының қоржыны екі қола медальмен толықты. 47 келіге дейінгі салмақта Алла Цой, ал 51 келіге дейінгі салмақта Аида Гожалимова қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, әлем біріншілігіне 80 елден 811 жас спортшы қатысуда. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.
Бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Хамзаальпер Ромашкин әлем чемпионы атанған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды
Өзгелердің жаңалығы