Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен Ресейге ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары көпжылдық достық, өзара құрмет пен түсіністік дәстүрлеріне негізделген қазақ-ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ү.ж. 12 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полиция ескертеді: киберқауіптің жаңа түрі шықты
Өзгелердің жаңалығы