Қазақстан Сурдлимпиада-2022 ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиадалық ойындарда алғашқы алтынды жеңіп алды.
Оны ұлттық құраманың қоржынына дзюдошы Еркебұлан Қанафин салды. Қазақстандық алғашқы ойында спортшы Оңтүстік Кореялық Ким Мин-сокты жеңді. Ал жартылай финалда Франциядан келген басты фаворит Рафаэль Кубеликті нокаутқа жіберді.
Қазақстанда барлығы жеті медаль бар. Алтын, екі күміс және төрт қола. Медальдық есепте Қазақстан құрамасы 12-орында. Бұл жарыста Украина көш бастап тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы