"Қазақстан студенттері" телеграм-арнасы іске қосылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан студенттері" телеграм-арнасын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті студенттер мен талапкерлер, телеграм-арна студент жастардың өмірі туралы хабар таратады, жоғары оқу орындарына түсуге дайындық бойынша түрлі лайфхактар мен кеңестермен бөліседі.

Егер Сіз Қазақстанның студенттік өмірінің соңғы жаңалықтарынан хабардар болғыңыз келсе, пайдалы және білім беру материалдарына бірінші болып қол жеткізгіңіз келсе, Министрліктің конкурстары мен жобалары, омбудсмендердің жұмысы туралы білгіңіз келсе, мына сілтеме бойынша біздің арнамызға жазылыңыз!,- делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы