Қазақстан студенттері III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Қазақстан студенттері 3-9 қыркүйек күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтті.

III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.

Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркия Республикасында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы