Қазақстан стенд атудан АҚШ-тағы турнирде алты медаль жеңіп алды

Стенд атудан Қазақстан командасы АҚШ-та өткен Гран-при турнирі мен Perazzi Cup додасында алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан спортшыларының еншісінде екі алтын, екі күміс және екі қола медаль бар.

Богдан Конченко жасөспірімдер арасындағы Perazzi Cup турнирінде екінші, Анастасия Прилепина үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Конченко Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

А санатындағы сында Асылхан Айсалбаев алтын алса, В санатында Анастасия Прлепина күміске иелік етті.

Сондай-ақ, Наргиза Сарманова қола медаль иеленген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы