Қазақстан спортшысы әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде алтын алды
Қазақстандық Виктор Друзин әртістік жүзуден Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортшы еркін бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсетті. Друзин 127,2000 ұпай жинады.
Екінші орынға грек спортшысы Мариос Критсас (126,6701 ұпай) орналасса, қола медальді Стылянос Фускис (Грекия) жеңіп алды – 123,9413 ұпай.
Айта кетейік, бұған дейін Эдуард Ким техникалық бағдарламада күміс жүлдегер атанған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Израиль Газаға гуманитарлық көмек көрсетуді тоқтатты
Келесі жаңалық
Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: Ел намысын кімдер қорғайды
Өзгелердің жаңалығы