Қазақстан спорт державасы болуға тиіс – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылармен әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту маңызды екенін атап өтті.
Қазір негізгі күш-жігерді Олимпиада мен Азия ойындарына, сондай-ақ өзге де еуропалық, әлемдік деңгейдегі турнирлерге дайындалу үшін жұмсау керек. Қазақстан спорт державасы болуға тиіс. Сол үшін біз маңызды спорт нысандарын салып жатырмыз. Қалашықтың спорттық әлеуетін арттыра беруіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жас спортшыларға жаңа жеңістер тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасына барды
Өзгелердің жаңалығы