Қазақстан сиқыршылар одағы емес – Айдос Сарым

"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы қонағы - Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13-14 наурыз күндері Бурабай төрінде Ұлттық құрылтай өтті. Сол жиында Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым маңызды мәселе көтерген еді. Бүгін сол тақырыпты тарқатып, өзінен толығырақ сұрауды жөн санадық.
Ұлттық құрылтай нақты мәселелерді шешетін алаңға айнала алды ма? Құрылтайдың шешімдері міндетті ме, әлде кеңесші орган ретінде ғана жұмыс істей ме? Оның саяси салмағы қандай? Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет моделіне көшу қаншалықты жүзеге асты?
Осы және өзге де сұрақтарға Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым жауап береді.
Айта кетейік, "Желмая" жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады.
Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.