Қазақстан СІМ Португалиямен екіжақты перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан Республикасындағы Португал Республикасының Сенімді өкілі ретінде тағайындалуына орай Жозе Атаиде Амаралды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі бағыттары мен перспективаларын талқылады. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың үдемелі дамуы аталып өтіп, екі елдің халықаралық аренадағы өзара ынтымақтастығы жоғары бағаланды.

Р. Василенко қазақ-португал серіктестікті нығайту мақсатында, оның ішінде тиісті құқықтық базаны кеңейту арқылы 2023 жылы екі ел басшыларының келіссөздері нәтижесінде қол жеткізілген екіжақты келісімдерді тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Р. Василенко португал дипломатына жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Португалиямен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 19 тамызда орнатылды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы тауар айналымы 25,9 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 2,2 млн, импорт – 23,7 млн). 2023 жылы бұл көрсеткіш 50,5 млн АҚШ доллары деңгейіңде қалыптасты (экспорт – 4,9 млн, импорт – 45,6 млн). Қазақстан аумағында 6 бірлескен компания жұмыс атқаруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы