Бүгiн 2026, 00:06 Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан СІМ Ирандағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар, сондай-ақ Иранның жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына қайғырып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев соңғы қайғылы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар, сондай-ақ Иранның жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына қайғырып көңіл айтады.

Министрлік Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған шабуылдарға өкініш білдіріп, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қажеттігін атап өтті. Халықаралық құқыққа сай қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты қорғау маңызды болып саналады.

Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуге, БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауға шақырады. Министрлік өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу үшін барлық тараптарды ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырды.