Қазақстан СІМ-де USAID-пен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров USAID Әкімшісінің орынбасары Изобель Коулманмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен USAID арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, басым бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Өз тарапынан И. Коулман ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүзеге асыруға жәрдемдесетін жобаларына қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.
Сұхбаттасушы америкалық тараптың Арал теңізін қалпына келтіруге, су ресурстарын тиімді басқаруға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күреске қолғабыс көрсетуді жалғастыруға ниетін растады.
Сонымен қатар, тараптар KazAID пен USAID арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Өзгелердің жаңалығы