Қазақстан СІМ-де миссиясы аяқталған Финляндия елшісімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко дипломатиялық миссиясы аяқталған Финляндияның Қазақстандағы елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханистті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар қазақ-фин байланыстарының белсенділігін, сондай-ақ Сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысын атап өтіп, әріптестікті одан әрі тереңдету ықыластарын білдірді.

Р. Василенко іскерлік байланыстарды ұлғайтудың және құқықтық базаны кеңейтудің, сондай-ақ Суомидің алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығын және келесі жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын ескере отырып, Еуропалық одақ пен ЕҚЫҰ желісін қоса көпжақты мәселелер бойынша тығыз өзара іс-қимылды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Р. Василенко фин дипломатына конструктивті өзара әрекеттестігі және Қазақстан-Финляндия қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. С. Мякеляйнен-Буханисттің Қазақстандағы жұмысы жоғары бағаланып, оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеудің атынан алғыс хат табысталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы