Қазақстан СІМ-де Иранмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келіссөздер барысында сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны әрі қарай дамытудың келешегін, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтарда, оның ішінде ИЫҰ және АӨСШК шеңберіндегі өзара ықпалдастықты жалғастыруға дайындықтарын мәлімдеді.

Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы