Қазақстан СІМ-де еуропалық елдермен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы Еуропалық Одақ, Франция және Польша дипломатиялық өкілдіктерінің жаңадан тағайындалған басшыларын қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша «сағаттарын теңестірді», оның ішінде парламентаралық ынтымақтастық, көлік, ұтқырлық, ауыл шаруашылығы, білім беру, сауда және инвестиция бойынша алдағы сапарлар мен бірлескен іс-шараларға назар аударылды.

Еуропалық Одақ Елшісі Алешка Симкичпен кездесуде Р.Василенко Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру аясында, «Орталық Азия – ЕО» форматында Қазақстанның Еуропалық Одақпен, Франция және Польшамен қарым-қатынастарының жоғары деңгейін атап өтті.

Франция Елшісі Сильвон Гиогемен кездесу барысында энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, инвестиция, сондай-ақ жаһандық жылынуға қарсы күрес салаларында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру үшін өзара сапарлардың серпінін сақтаудың маңыздылығы аталып өтті.

Польшаның Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесу барысында үкіметтер, сыртқы істер, өңірлер мен іскер топтар деңгейінде екіжақты қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтті.

Сұхбаттастар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның маңызды рөліне назар аудара отырып, серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады, сондай-ақ байланыстарды нығайту және сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту ниетін растады.

Р.Василенко жаңадан тағайындалған миссия басшыларына Қазақстандағы жұмыстарында табыс тіледі. Ал еуропалық дипломаттар екіжақты қарым-қатынастардың даму серпінін жоғары бағалап, стратегиялық серіктестік аясында өзара іс-қимылды белсенді дамытуға құлшыныстарын растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы