17 Тамыз 2024 2024, 08:10
Фото: gov.kz
Қазақстан СІМ басшысы Ресей елшісімен кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы сапарлардың кестесі талқыланды.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық бойынша пікір алмасылды.