19 Қараша 2025 2025, 06:35
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан СІМ басшысы Азық-түлік ұйымымен ынтымақтастықты талқылады
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Берік Арынды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын, ұйымның қазіргі қызметін және алдағы жоспарланған іс-шараларын талқылады.
Сұхбат соңында тараптар Ислам ынтымақтастығы ұйымы кеңістігіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін өзара диалогты күшейтуге уағдаласты.