Қазақстан Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне қатыса ма
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Қазақстанның ұстанымын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне қатыса ма? - деп сұрады БАҚ өкілдері СІМ ресми өкілінен.
Бұл саммитке еліміздің қатысуы халықаралық іс-шаралар кестесі мен осы мәселе бойынша ҚР ресми ұстанымын ескере отырып қаралады. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Украинамен де, Ресеймен де тарихи жағынан бірдей тығыз саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды қолдайтынын еске салғым келеді. Біз әрқашан барлық елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау және БҰҰ Жарғысының қағидаттарын орындау тұрғысынан сөйлейміз, - деді Смадияров.
Оның сөзінше, осы жағдайды Қазақстаг халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттары негізінде бұл қақтығысты осы елдер арасындағы екіжақты қатынастар деңгейінде тек қана бейбіт жолмен шешуді дәйекті түрде қолдайды.