Қазақстан шорт-тректен әлем чемпионатында қола алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.

А финалында Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.

Алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Қытай құрамасы күміс медаль иеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы