Қазақстан ширек финалдық матчта Украинаға есе жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. Футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалдық матчында Қазақстан құрамасы Украинаға қрасы матч өткізді.

Бас бапкер Кака келесі құрамды ойынға қосты: Игита, Кнауб, Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Оразов - Атантаев, Қарағұлов, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Тоқаев, Сағындықов.

Ұлттық құрама матч алдында фаворит саналғанымен, 3:5 есебімен жеңілді.

Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы қарысластардың қақпасына 14 гол соқты. Соңғы ойынын итальяндарға қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңген болатын.

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирден шығып қалды. Украина жартылай финалда Ресей-Грузия жұбындағы жеңімпазыбен кездеседі.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы