Қазақстан шикізаттық емес 40 тауарды экспорттауға дайын

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед Әл-Арикидің кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар 2024 жылғы 26-29 ақпанда Абу-Дабиде өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 13-ші Министрлік конференциясын өткізу мәселесін талқылады.

Сонымен қатар, Арман Шакқалиев БАӘ-ге сапары аясында 30 қазақстандық компанияның, тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің қатысуымен EXPO Dubai - 2020 аумағындағы Қазақстанның Ұлттық павильонының алаңында Сауда-экономикалық миссия өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

СЭМ шеңберінде қазақстандық тауарлардың тұрақты жұмыс істейтін Көрме-демонстрациялық алаңы, сондай-ақ IT және мұнай сервистік компаниялар үшін co-working space ашылады.

Министр Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, Қазақстан 40 тауар позициясы бойынша $233,5 млн. сомасына шикізаттық емес тауарлар экспортын ұлғайтуға дайын екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы