«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен»: халықаралық байқаудың қорытындылары жарияланды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» 9-шы жыл сайынғы халықаралық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Осы жылы қазылар алқасының шешімімен Әзербайжан, Бразилия, Жапония, Испания, Италия, Қырғызстан, Мысыр Араб Республикасы және Ресей журналистерінің жұмыстары әртүрлі номинациялар бойынша үздік деп танылды.

Байқау шеңберінде әлемнің 30 елінен 80 материал қаралды, бұл өткен жылғы өтінімдер санынан асып түсті. Байқау жеңімпаздары – Елена Косолапова (Әзербайжан), Милтон Атаназио (Бразилия), Катсухиро Асагири (Жапония), Иоланда Гарсия (Испания), Даниэла Брикка (Италия), Эрмек Актанов (Қырғызстан), Равичандран Раджаманикам (Малайзия, 2023 жылғы жеңімпаз), Фатма Бадауи (Мысыр Араб Республикасы) және Александр Гасюк (Ресей) өз жарияланымдарында сыртқы саясатты, инвестициялық әлеуетті, мәдениет пен туризм салаларын қоса алғанда, еліміздің әртүрлі аспектілерін атап өтті.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімі ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, байқаудың қоса ұйымдастырушылары және медиа серіктестері – Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма басшысы Қайрат Садуақасов, «Jibek Joly» ұлттық телеарнасы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Хатшылығы мен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өтті.

Өз сөзінде Р.Василенко байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, ұсынылған барлық жұмыстардың жоғары деңгейін және әлемнің түкпір-түкпіріне келген тілшілердің өтінімдер санының тұрақты өсуін атап өтті. Бұл Қазақстанға деген шетелдік медиа-қоғамдастықтың артып келе жатқан қызығушылығын көрсетеді.

Сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары осы жылы Қазақстанға байқау жеңімпаздарының сапары көптен күткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының (ДКО) өткізуімен сәйкес келгенін және бұл ойындар көшпелі мәдениет пен дәстүрлі спорт түрлерін насихаттау, мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту және халықаралық аренада Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталғанын айтып өтті.

Б.Жексенбай тілшілердің толыққанды шынайы ақпарат берудегі қызметі өте маңызды екенін атап өтіп, шетелдік БАҚ-та жарияланған Қазақстан туралы материалдар мемлекеттің шетелдегі имиджін әртүрлі салаларда ілгерілетуге және туристерді тартуға әсер ететінін атап өтті.

И.Салжанов биыл ДКО-ның қарсаңында ұлттық спортқа арналған арнайы номинация тағайындалғанын атап өтті. «Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттық спорт саласы серпінді дамып келеді. Бұған ертең Астана қаласында бастау алатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мысал бола алады. Көшпенділер ойындары БАҚ өкілдерінің тарапынан үлкен қызығушылыққа ие, бұл Қазақстанда ғана емес, бар әлемде көшпенділір мәдениеті мен салт-дәстүрлерді насихаттауға жаңа серпін береді», – деді ол.

Қ.Садуакасов Қазақстанда ДКО-ның өтуі туралы айта отырып: «ДКО-ны халықаралық аудитория тек қана спорттық жарыс ретінде емес, оны келешекте Олимпиада ойындарының тізіміне енуі мүмкін дисциплинаның бірі ретінде көреді. Осыған орай біздің бай көшпелі мәдениетіміз әлемнің барлық жерінде қолдау табу үшін жастарымызды ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұстануға шақыруымыз қажет».

Өз кезегінде байқаудың жеңімпаздары мен шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері ұйымдастырушы тарапқа өз алғысын білдіріп, Қазақстан туралы әсерлерімен бөлісіп, осындай іс-шаралар халықтар мен мәдениеттерді одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Осы ретте Испанияның Елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес Астананың өзгеруіне және қысқа мерзімде қалада болған өзгерістерімен тамсанып, Қазақстанның әрі қарай өркендеуіне табыс тіледі.

Мәдени өзара іс-қимылды тереңдету және елмен жақынырақ танысу мақсатында жүлдегерлерге Астана, Алматы және Маңғыстау облыстарының негізгі мәдени және тарихи көрікті жерлеріне баруды, сондай-ақ мәдениет және туризм саласындағы қазақстандық қауымдастықтық өкілдері мен сарапшыларымен кездесу ұйымдастыруға қолғабыс көрсетіледі.

Жыл сайын шетелдік тілшілер арасында өткізілетін байқау еліміздің дамуының өзекті үрдістеріне шетелдік қауымдастықтың қызығушылығын арттыруға, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін шетелдік инвесторлар мен туристер үшін Қазақстанның әлеуеті мен көріктілігін көрсете отырып, бай табиғи және мәдени мұрасын насихаттауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Бүгін – Отбасы күні
Өзгелердің жаңалығы