Бүгiн 2026, 05:32 Фото: diapazon.kz

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 18 шетелдік сотталды

Оларға 2,595 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Оларға 2,595 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Жақында Ақтөбеде Тәжікстан мен Өзбекстанның 18 азаматына қатысты сот үкімі шықты. Олар жүк көлігінің тіркемесіне жасырын отырып, «Жайсан автомобильный» (Қазақстан–Ресей шекарасы) өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағынан Ресейге заңсыз өтпек болған.

Шекарашылар көлікті тексеру кезінде заңсыз өтпек болған азаматтарды анықтады. Нәтижесінде олардың барлығы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасады деген айыппен сот алдында жауап берді.

Сотта айыпталушылар Ресейге жұмыс істеу үшін бармақ болғандарын, алайда елге кіруге тыйым салынғандықтан заңды жолмен өте алмағандарын айтты.

Сот барлық 18 шетелдікті кінәлі деп танып, 2 миллион 595 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге және Қазақстан аумағынан шығарылып, 5 жыл бойы елге кіруге тыйым салуға үкім шығарды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.