"Қазақстан" шахтасында өртті оқшаулауға кірісті
Қарағанды облысының әкімдігінде аппараттық кеңес бір минут үнсіздіктен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік қызметшілер "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт кезінде қаза тапқандарды еске алды.
Мен 222 адамды жедел эвакуациялауға көмектескен құтқарушылардың еңбегін атап өткім келеді. Өкінішке орай, бес кенші қаза тапты. Компания қаза тапқандардың отбасылары алдында міндеттеме алды. Барлық қажетті төлем жасалады. Апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылды, оның құрамына барлық жауапты мемлекеттік органдар кірді, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Ауруханада 13 зардап шеккен адам жатыр, олар барлық қажетті ем алуда. Дәрігерлердің айтуынша, 8 кеншінің жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайға жақын.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың айтуынша, шахтада өртті оқшаулауға кіріскен.
Бүгінгі таңда шахтаның 672 қызметкері Көмір департаментінің басқа кәсіпорындарына ауыстырылды. Қызметкерлерде шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету және әскерилендірілген құтқарушылардың жұмысына көмек көрсететін адамдар ғана қалды, – деп хабарлады компания өкілі.