Әйелдер құрамасы бес кездесуде қатарынан жеңіске жеткен Әзербайжан командасымен ойнады. Нәтижесінде қазақстандық шахматшылар 2,5:1,5 есебімен басым түсті.
Қазақстан сапында Алуа Нұрман жеңіске жетсе, қалған үш партияның екеуі тең аяқталды. Осылайша әйелдер құрамасы тур қорытындысы бойынша кезекті екі ұпайды еншіледі.
Қазақстан – Әзербайжан – 2,5:1,5.
Ал ерлер құрамасы Колумбияны 3,5:0,5 есебімен ұтты. Бұл – қазақстандық шахматшылардың турнирдегі төртінші жеңісі. Бұған дейін команда бір рет жеңіліп, бір кездесуді тең аяқтаған.
Қазақстан – Колумбия – 3,5:0,5.
Алтыншы тур қарсаңында Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов Олимпиадаға арнайы келіп, Бибісара Асаубаеваның партиясында алғашқы жүрісті жасады.
Енді командалар бір күндік үзіліске шығады. 11 турдан тұратын 46-шы шахмат Олимпиадасы 27 қыркүйекте аяқталады.