Қазақстан шағын модульдік реакторлар бойынша бағдарламаға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен және АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасының ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық қауіпсіздік бюросының өкілдерімен кездесті.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Америкалық тарап FIRST – «Шағын модульдік реакторлар технологияларын жауапты пайдалануға арналған базалық инфрақұрылым» бағдарламасына қатысуды ұсынды. Бағдарлама ядролық қауіпсіздік пен таратпау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес атом энергетикасын дамытудың ұлттық бағдарламасын зірлеуде әлеуетті арттыруда АҚШ-тың әріптес елдеріне қолдау көрсетуге бағытталған.
Бағдарлама әлемде енгізіліп жатқан АЭС-ке арналған озық ядролық технологиялармен және жаңа инновациялармен танысуға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлем елдерінде індет қайта күшейді
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы