Қазақстан сейсмологтары соңғы бірнеше сағатта екінші жер сілкінісін тіркеді

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезгенін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алайда Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында болғанын және мегаполисте оның сезілмегенін мәлімдеді.

12 мамыр 2025 жылы сағат 11.38-де (Астана уақытымен) Қазақстан ТЖМ-нің Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 239 км қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің координаттары: 41.620 с.е., 74.950 ш.б.. Алматы қаласында жер сілкінісі сезілмеді,- дейді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Қазіргі уақытта қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Сейсмологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісі сезілмеген.

Бұған дейін Алматыдан 234 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы