Қазақстан сейсмологтары Ауғанстан аумағындағы жер сілкінісін тіркеді
Бүгін, 2025 жылғы 26 сәуірде Қазақстанның Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 15:36 минут 18 секундта тіркелген. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің координаттары: 36.330° солтүстік ендік және 70.417° шығыс бойлық.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 947 шақырым қашықтықта орналасқан.
Мамандардың есептеуіне сәйкес, бұл сілкіністің Қазақстан аумағында сезілу деңгейі байқалмаған, яғни қарқындылығы (баллмен) — сезілмейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін, 2025 жылғы 25 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 15:37-де Қырғызстан аумағында да жер сілкінісі болған еді.
Қазақстанның сейсмологиялық қызметтері аймақтағы жер сілкіністерін тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан аумағынан cұйытылған газ әкетуге тыйым ұзартылды
Өзгелердің жаңалығы