Қазақстан садақшылары Азия кубогінің алтынын жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Азия кубогінің соңғы күнінде қазақстандық спортшылар таңғы бағдарламаның екі номинациясында медальдармен марапатталды, ұлттық құрама алтын және қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бастапқыда құрамында Андрей Тютин мен Виктория Лянь бар қазақстандық аралас құрама садақ спортынан Таиландты баса озып, қола медальға ие болды.
Дәл осы категорияда Санжар Мұсаев пен Андрей Тютин бар Қазақстан ерлер құрамасы финалда Үндістанды жеңіп, Азия кубогінің алтынын иеленді.
Азия кубогінің кешкі бағдарламасында қазақстандық классикалық садақ ату спортының өкілдері болады.
Ерлер құрамасы алтынды Үндістанның атқыштарымен сарапқа салады. Қазақстан атынан Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Дәулеткелді Жаңбырбай қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы