Қазақстан-Ресей: Шекараны демаркациялау жұмысы аяқталуға жақын - СІМ
Қазақстан мен Ресейді терең саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар байланыстырады. Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біздің елдеріміз Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мен Ұжымдық қауіпсіздік шаралары ұйымының (ҰҚШҰ) жетекші мүшелері, олардың аясында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы жүзеге асырылады. Сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздіктің бірыңғай кеңістігі қамтамасыз етіледі. Екіжақты күн тәртібіндегі қандай да бір мәселелер бойынша келіспеушіліктер мен мүдделер алшақтығы болған кезде біз әрқашан өзара қолайлы шешім табамыз, - деп мәлімдеді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы Қазақстан-Ресей шекарасы толығымен делимитацияланған.
Қазіргі уақытта оны халықаралық құқық нормаларына сәйкес белгілеу процесі аяқталып келеді, - деді СІМ баспасөз хатшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СІМ: Қазақстандықтар визасыз 80 елге бара алады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы