Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына Башқұртстан елеулі үлес қосып отыр - Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Астанаға делегациямен келген Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі.

Бұған 2022 жылы тауар айналымы көлемінің 10%-ға өсіп, $27 млрд-қа жеткені дәлел.

Өткен жылдың 11 айында да арадағы сауда-саттық жақсы нәтиже көрсетіп, шамамен $24 млрд-ты құрады.

Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына Башқұртстан Республикасы елеулі үлес қосуда. Аталған кезеңде өңірлер арасындағы тауар айналымы $350 млн-нан асты. Осы ретте арадағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар, — деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Башқұртстан басшысы өнеркәсіп кооперациясын одан әрі тереңдетуге және сауда қатынастарын дамытуға қызығушылық танытты.

Біздің кәсіпорындарымыздың экономикалық ынтымақтастығы артып келеді. Мүмкіндіктер енді ғана іске асырыла басталғанын көріп отырмыз. Тауар айналымын одан әрі ұлғайту алдағы жылдардағы ортақ міндетіміз деп санаймын. Бұл үшін тиісті алғышарттардың барлығы бар, — деді Радий Хабиров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы