Қазақстан- Ресей: Екі елдің қарым-қатынасын мемлекет басшылары анықтайды - СІМ

Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге соңғы сапары кезінде қос елдің президенттері Мәскеуде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай декларация қол қойды. Президентіміз атап өткендей, осы уақыт ішінде қос мемлекет достық пен тату көршіліктің берік байланысына негізделген өзара тиімді әріптестік құралды. Қазақстан мен Ресей арасында сенімді, сындарлы диалог орнады. Ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді, – деді СІМ өкілі.

Айбек Смадияров бұған дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны демаркациялау жұмысы аяқталуға жақын деген еді.

Сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ-ның Қырымға қатысты қарарына неге қарсы дауыс бергенін түсіндірді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы