Қазақстан Қытаймен трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізуде

Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі мемлекеттің мамандары кіретін бірлескен жұмыс тобы құжатты әзірлеумен айналысады. Келісім жасаудағы негізгі міндет Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Министрлік Балқаш көлін қажетті су көлемімен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан көлге 12 млрд текше метрден астам су жіберілді, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Өзгелердің жаңалығы