21 Ақпан 2025 2025, 09:36
Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Қазақстан Қытайға қандай өнімдер тасымалдап отыр?
2025 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 2,8 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 2,8 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Достық шекаралық өткелі12% өсімді тіркеп, 1,5 млн тоннаға жетті. Алтынкөл өткелі арқылы 1,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 25% артық.
Қазақстандық жүктердің ҚХР-ға экспорты 5% өсіп, 1,1 млн тоннаны құрады.
Металл кендерін тасымалдау5% (652 мың тонна), қара металдарды тасымалдау77% (104 мың тонна), мұнай өнімдерін тасымалдау50% (32 мың тонна) және басқа да жүктерді (кебек, құрама жем, өсімдік майы) тасымалдау 30% ( 215 мыңтонна) ұлғайды.