Қазақстан-Қытай шекарасындағы шектеулер алынады

2023 жылғы қаңтардың бірінші онкүндігінен бастап мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде Қытай тарапы бұрын енгізілген шектеу және карантиндік шараларды алып тастайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Қытай тарапы көлік құралдарының ҚХР аумағына кіру мүмкіндігімен автокөлік құралдарын қабылдауға ниетті. Бұл ретте автокөлік құралдарының жүргізушілерінде визалар, ПТР тестілері, сондай-ақ олардың көлік құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.

Шекарадағы шектеулерді алып тастағаннан кейін, бұрын Қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың наразылығын тудырды, себебі олар автокөлік құралдарына қойылатын қатаң талаптар кезінде автокөлік құралдарын қайта жабдықтау бойынша белгілі бір шығындарға ұшырады.

2023 жылғы 9 қаңтарда мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында «Қалжат» өткізу пунктіне ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өткізді.

Өткізілген жұмыс кеңесі барысында шекара қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен және тасымалдаушылармен бірлесіп кедендік рәсімдерден өту, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту тәртібі туралы қажетті түсініктемелер берілді.

Кеңес барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бірқатар сұрақ қойып, нақты жауаптар алды.

Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау бойынша шекарадағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы