30 Қыркүйек 2026, 03:15 Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері үш күнге жабылады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша,  Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты 1, 2 және 3 қазан күндері адамдар, көлік құралдары мен жүктер шекара арқылы өткізілмейді.

Бұл ретте теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.