Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды, – делінген мәлімдемеде.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы