Қазақстан-Қытай шекарасы екі күнге уақытша жабылады

16-17 желтоқсан күндері Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім еткендей, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты екі ел шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жұмысы уақытша тоқтайды. 

Ал Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы