Бүгiн 2026, 20:11 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстан-Қытай саудасы: Логистика неге қымбат?

Логистика неге қымбат? Қазақстан–Қытай саудасында бағаны өсіретін факторлар, шекарадағы кідірістер мен жасырын тәуекелдер талқыланды.

BAQ.KZ подкастында логистика саласының өзекті мәселелері талқыланды. Бағдарлама қонағы – логистика сарапшысы Айгерім Сағындықова.

Қазір нарықта тауар бағасының қымбаттауына логистика тікелей әсер етіп отыр. Жеткізу неге қымбат? Шекара, кеден, тасымал тізбегіндегі қандай факторлар бағаны өсіреді?

Сондай-ақ жүргізушілердің жұмыста кездесетін қиындықтары – ұзақ жол, уақыт шығыны, шекарадағы кідірістер мен тәуекелдер сөз болды. Бұған қоса, логистикалық компаниялардағы алаяқтық схемалар мен оның нарыққа әсері де назардан тыс қалған жоқ.

Әңгіме барысында логистика шығындарын азайту жолдары, тиімді жұмыс істеу тәсілдері және бизнес үшін маңызды шешімдер де көтерілді.

Жансұлу Жиенқұл