Қазақстан-Қырғызстан арасында тауар айналымы артады

Екі ел тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізуге ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйек айының басында Қазақстан мен Қырғызстан екі ел арасындағы сауда-саттықты жеңілдетуге келісті. Тараптар өзара сауданы арттыру үшін Қырғызстаннан Қазақстанға ерте пісетін жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізбек. Ал Қырғызстан – Қазақстаннан шығатын өнеркәсіптік және тұтыну тауарларын маңызды тұтынушысы.

Finprom.kz сарапшыларының жазуынша, Қырғызстан мен Қазақстан өзара сауда көлемі былтыр ғана 1 млрд доллардан асқан. Биыл қос тарап өзара сауда көлемін 2 млрд долларға дейін жеткізуге келіскен. 

Еуразиялық экономикалық комиссия дерегіне сүйенсек, Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен жасайтын сауда көлемі 2021 жылы 4,9 млрд долларды құраған. Соның ішінде 1,1 млрд доллары немесе шамамен 21%-ы  – Қазақстанмен арадағы сауда-саттық үлесі. 

Бұл ретте Қырғызстаннан Қазақстанға экспорт 2020 жылмен салыстырғанда 35%-ға төмендесе, Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт, керісінше, 2,5 есе өскен. 

2021 жылы Қазақстанға Қырғызстаннан келген импорт экспортпен салыстырғанда екі есе аз болған. 

Қырғызстаннан негізінен минералды өнімдер (жалпы тауар айналымының 42%), жануар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер (19%), химия өнімдері (8%) және металдар (8%) келеді.

Ал Қазақстан Қырғызстанға негізінен тамақ өнімдерін (жалпы айналымның 28%), мұнай мен газ (20%), машина (18%) және химия өнімдері (15%) мен металл (8%) экспорттайды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы