Қазақстан құрамасының 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған спорттық киімі таныстырылды

Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақпанда қысқы Олимпиада аясында Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ойындарға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық киім жиынтығы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спорттық жабдықтың сапасы мен техникалық талаптарын бақылау үшін арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Оның құрамына Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитеті, салалық ұйымдар өкілдері және танымал отандық спортшылар енді. Комиссия ұлттық құраманың киім эскизін бекітіп, қазіргі таңда ол Халықаралық Олимпиада комитеті деңгейінде келісу рәсімінен өтіп жатыр.

Ұсынылған спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішінде ашылу және жабылу салтанатына арналған салтанатты форма, жарыстар кезінде киілетін жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған спорттық киімдер бар.

Айта кету керек, ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынған. Қазіргі таңда министрлік 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындық бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы