1/8 финалдың қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасының жеті өкілі ширек финалға жолдама алды.
Әділ Асқанбай (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі), Владислав Саможонов (+90 келі) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.
ҚР ҰОК мәліметінше, әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.