13 Қараша 2025 2025, 00:28 Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан құрамасы жүзуден Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшылар 4×100 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынға жайғасты.

Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Айбат Мырзамұратов және Глеб Коваленя жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Алтын медаль Түркия құрамасына бұйырды, ал Өзбекстан үздік үштікті түйіндеді.