Қазақстан құрамасы таеквондодан Diamond game 2025 турниріне қатысады
11-13 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында "World Taekwondo Diamond Game 2025" халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Турнир G-4 санатына жатады және Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген. Бұл жарыс спортшыларға рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік береді.
Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсететін спортшылардың тізімі төмендегідей:
- 57 келіге дейін: Альмира Қанат;
- 67 келіге дейін: Аяулым Асқар, Аида Тәукенова;
- 68 келіге дейін: Нұрбек Ғазез;
- 80 келіге дейін: Ергеш Бекасыл.
Командалық және аралас командалық сайыста сынға түсетіндер: Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Кәмила Аймұқашева, Аида Тәукенова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда ветеринарларға 106 жаңа көлік берілді
Өзгелердің жаңалығы