17 Қараша 2026, 07:19
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан құрамасы Словакиямен тең түсіп, Ұлттар лигасын аяқтады
Қазақстан құрамасы алты матчта үш ұпай жинап, топта төртінші орын алды.
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы кездесуінде Словакиямен 2:2 есебімен тең түсті. Астанада өткен матчта қазақстандық футболшылар жеңісті сақтап қала алмады.
29-минутта Ислам Чесноков есеп ашты. 56-минутта словакиялық Роберт Боженик таразы басын теңестірді. 65-минутта Ян Вороговский Қазақстанды қайта алға шығарды. Алайда 90+5-минутта Адриан Капралик есепті теңестіріп кетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы алты матчта үш ұпай жинап, топта төртінші орын алды. Ал Словакия бірінші орынды иеленіп, В дивизионына жолдама алды.