Қазақстан құрамасы садақ атудан екі қола медаль жеңіп алды

Қазақстан командасы Сувондағы (Оңтүстік Корея) Азия Кубогінде екі қола медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі жүлде де аралас командалар арасындағы жарыста қоржынға түсті.

Атап айтсақ, Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атуда қола еншіледі.

Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үздік үштікті түйіндеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы