Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында жеңіске жетті

18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші дивизионның А тобындағы соңғы ойында Қазақстан Франция құрамасын 6:1 есебімен ұтты. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына жастар арасындағы әлем чемпионатының элиталық дивизионына шығуға мүмкіндік берді.

Осыған дейін чемпионатта біздің құрама өз тобында Венгрия, Жапония, Украина командаларымен сынға түсіп, қарсыластарын жеңген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: mosaica.ru
Өзгелердің жаңалығы